Бүгін «Маңғыстау Медиа» ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жұмыс орны маңында тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Журналистер айналаны тазалап, ағаштарды әктеу жұмыстарын жүргізді. Журналист Махаббат Нұржанқызының айтуынша, мұндай сенбіліктер қала бойынша жиі ұйымдастырылғаны жөн.
«Мұндай тазалық жұмыстарын ұжыммен бірге жасау тіпті керемет. Бұл тек тазалық жұмыстары ғана емес, ұжымды ауызбіршілікке үндейтін жақсы бір мүмкіндік», деді ол.
Медиада ұйымдастырылған сенбілік жұмыстары Ораза айт мерекесімен жалғасып, көңілді отырысқа ұласты.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады.
1. «Таза өлке» сенбіліктер ұйымдастырылып, қала бойынша санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіледі.
2. «Киелі мекен» аптасында тарихи-мəдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
3. «Жасыл аймақ» аптасында қалада жасыл желектерді көбейту бойынша жұмыстар атқарылады.
4. «Өнегелі ұрпақ» аптасы жас ұрпақты көгалдандыру жұмыстарына баулуға арналған.
5. «Мөлдір бұлақ» аптасында теңіз жағасында тазалық жұмыстары жүргізіледі.