Ақтау Екібастұзға айналмайды. Бұл туралы «МАЭК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Мұрат Иғалиев mangystaumedia.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
– Ауа-райының жағдайы жыл бойы негізгі қуат пен қосалқы жабдықтарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Қазір MAЭK қысқы маусымға 100% дайын. Біз 4 энергетикалық қазандық пен 3 турбинаны жөндедік. Жыл соңына дейін Энергетика министрлігі жоспарлап, бекіткен жөндеу жұмыстарын кесте бойынша аяқтаймыз», — деді Мұрат Иғалиев.
Су мен электр энергиясын тұтынудың ең жоғары деңгейі жазда болады. Әрбір қазандық немесе турбина күрделі жөндеу үшін тоқтатылады. Дәл сол уақытта қала тұрғындары олардың тапшылығын сезінеді.
– Зауытта 17 энергетикалық қазандық пен 15 турбина бар. Жабдықтың өлшемін есептеу қиын, коэффициенттері бар. Бірақ бұл бүкіл МАЭК-тің 80%-ға тозуын білдірмейді. Қарапайым тілмен айтқанда, әрбір энергетикалық қазандықтың, әрбір турбинаның өндіруші белгілеген ресурсы бар. Мысалы, қазандық үшін – 300 мың жұмыс сағаты, турбина үшін – 220 мың сағат. 300 мың жұмыс сағатына жеткен қазандықтар бар, бірақ біз арнайы ұйымдарды шақырып, тексеру жүргіземіз. Белгілі бір бөліктерге, турбиналық немесе қазандық компоненттеріне жасалған ескертулерге сәйкес біз негізгі жабдықты күрделі жөндеуден өткіземіз. Осыдан кейін дәл осы мамандар 300 мың сағат жұмыс істеген қазандықтың немесе 220 мың сағаттан турбинаның қызмет ету мерзімін тағы 20-25 мың сағатқа ұзартады. Егер МАЭК-тегі бір турбинаның негізгі құрамдас бөліктерімен бірге орта есеппен 7 мың сағат жұмыс істейтінін ескерсек, бұл 4 жылға жетеді. Сонымен бірге МАЭК-тегі 17 қазандықтың 6 қазандығы, ал жұмыс істеп тұрған 15 қазандықтың 7 турбинасының жұмысы біткен жоқ. Қалғандарына өнімділік - 50%, 60%, 70%. Оның ішінде күрделі жөндеуден өткен жабдықтары орта есеппен 80 пайыз», - деді Мұрат Иғалиев.