Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Halyk Bank-пен бірлесіп іске асырылып жатқан халықтың қаржылық сауатын арттыру жөніндегі «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасын қолдағаны белгілі. Енді «AMANAT» Үкіметпен бірлесіп оны бүкіл ел аумағында кеңейту бойынша жұмысты бастап, алдағы уақытта студенттер мен оқушыларға қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша дәрістер жүргізілетінін айтқан болатын.
Ақтауда «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру курсы өтті. Курсқа арнаулы орта білім ордалары мен жоғары оқу орындарының 320-ға жуық студент қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Студенттер мемлекеттен бөлініп жатқан гранттар жайлы ақпарат алып, әр түрлі жобаларын жасақтап, кәсіпкер болатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, аталған жобаны «AMANAT» Halyk Bank-пен бірлесіп іске асырып жатыр. Бұған дейін барлық аудан, ауылда және Жаңаөзен қаласында өтті. Дәріске 2000-нан астам тұрғын қатысып, олардың ішінде өз кәсібін бастап, алаяқтар арбауынан құтқарылып, бұғаттары шешілгендері жетерлік.