«Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Тұралы Жолышов пен «Каспий» кәсіптік волейбол клубы» ЖШС директоры Қазбек Иманғалиев резервтегі спортшы-волейболшыларды дайындау топтарын құру бойынша бірлескен қызмет туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Меморандум негізінде Бейнеу ауылының спортзалында «Каспий» кәсіптік волейбол клубының жаттықтырушылары аудан спортшыларын волейбол спортына тегін дайындайды. Сондай-ақ Маңғыстау облысының қабілетті спортшылары қатарына енуіне ықпал етеді.
Айта кетейік, аталған келісім «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы және кәсіптік қызмет шеңберінде орындалуда. Меморандум 5 жыл мерзімге жасақталды.