Ақтау қаласында жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында орталық автомобиль жолдарында жол таңбалары мен жаяу жүргіншілер жолақтары сызылуда. Мердігер компания биыл 36 000 м2 жол таңбасын жаңартуды жосларлап отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда №1 автомобиль жолы, №14 және №1 автомобиль жолының қиылысындағы жол белгілері мен жаяу жүргіншілер жолақтары сызылып жатыр. Мамандардың айтуынша, аталған жұмыстар ең алдымен орталық автомобиль жолдарында жүргізіледі.
-Жоспар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Былтыр мердігер компания бекітілген сызбаға сәйкес 33 000 м2-тан астам жол таңбасын жаңартты. Биыл 36 000 м2 жол таңбалары мен жаяу жүргіншілер жолағын сызуды жоспарлап отыр. Аталған жұмыстар қазан айына дейін жүргізіледі, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.