«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің қызметшілері арасында қазақша күрестен жарыс өтіп жатыр.
Сайысқа Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жаңаөзен және Орал қалаларының спортшылары қатысуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz «Батыс» өңірлік қолбасшылығына сілтеме жасап.
Чемпионат бүгін аяқталады. Жеңімпаздар наурыз айында Семей қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қазақша күрестен өтетін чемпионатына қатысады.