Мария Феодоровна Сечнаяның өмір жолы – сарқылмас ерік-жігердің тарихы, деп хабарлайды Mangystaumedia.kz.
Мария Федоровна 1937 жылы дүниеге келген. Ол халықтың аштыққа ұшырап, майданға әрбір матаның, азықтың сарбаздар үшін жөнелтілгенін еске алады. Бірақ жеңіспен бірге өмір біртіндеп жақсара бастаған еді.
«Мен Белгород облысында туып-өстім. Менің жастық шағым ауыр сынақ кезеңі – Ұлы Отан соғысы кезіне түсті. 6-сыныпты бітірген едім. Мектеп он шақырым жерде болғандықтан, оған күнде бару оңайға соқпайтын еді”-, дейді.
“Соғыс жылдарында мен де сол кездегі көптеген әйелдер сияқты тыл еңбектеріне қатыстым. Тек талон бойынша бір үзім нан алып, қалған маталардан киім тіктірдім. Біз аштыққа ұшырап, Отанымыз үшін от кешкендерге соңғы азығымыз қалғанша бердік. Барлық матаны жауынгерлер үшін деп соғысқа жөнелтетін. Бірақ, қаншама қиындықтарға қарамастан, біз жарқын болашаққа деген сенімімізді жоғалтпадық. Жеңістің келуімен өмір әлдеқайда жеңіл болды. Бүгінде ардагерлерге жақсы қамқорлық жасалып жатқанын көріп қуанамын. Еріктілер үйімізді тазалауға көмектеседі, біз тегін дәрі-дәрмек алып, дәрігердің қабылдауына жеңілдіктер аламыз. Рас, кезек күтуге тура келеді, кейде дәрігерлер бізді ұмытып кетіп жатады, бірақ бәрі ойдағыдай. Жастарға денсаулық тілеймін, Отанға қамқор болған сайын біздің жұмысымызды жалғастыратындарыңызды еске салғым келеді. Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын. Жеңістің қамын ойлап, соғыста төгілген әрбір тамшы қанды бағалап, жеріміздегі тыныштық үшін тер төккендерге алғыс айтамын», – дейді тыл ардагері Мария Федоровна Сечная.
Қазір Мария Феодоровна жастарға денсаулық тілеп, Отанды аялаудың маңыздылығын еске салып, тәжірибесімен бөліседі. Оның бұл сөздері – алдыңғы ұрпақтардың еңбегі мен жеткен жеңісті бағалап, қастерлеуге, азаттық жолында төгілген әрбір тамшы қанды бағалауға үндеу екені белгілі.