Желіде 11 шағын аудандағы 19 үйден ер адамның жоғарғы қабаттардың бірінен тақтай лақтырған видеосы тарады. Тақтайларды ол үйдің подъезінің дәл үстінен лақтырған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Полиция 58 жастағы күдіктінің жеке басы анықталғанын айтты. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыруды бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, жою) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы бап бойынша оған
20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын болады.