«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары мен Халықаралық жек-дуадақтарды қорғау коғамы бірлесіп Маңғыстау облысына 1344 дарақ құсты мекен ету ортасына жіберді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Жоба жек-дуадақтардың популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, Жетісу облысына 800 дарақ, Түркістан облысына 504 дарақ құс мекен ету ортасына жіберілді.
Айта кету керек, жек-дуадақтар ұзақ өмір сүретін құстардың қатарында. Кейбір дарақтардың жасы 25-ке дейін жетуі мүмкін.