Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына ауыр халде жеткізілген екі науқас – 1972 және 1977 жылы туған ер адамдар қайтыс болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
– Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді. Өкінішке орай, дәрігерлер оларды аман алып қала алмады, олардың жағдайы өте ауыр болды. Барша туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз, - деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.