Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім саласына мониторинг жүргізу барысында Жаңаөзен қаласының білім бөлімі 5 жекеменшік балабақшаға террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау ережелерін сақтауды қамтамасыз ету туралы негізсіз талап қойғанын анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңға және қағидаларына сәйкес аталған білім беру ұйымдары террористік тұрғыдан осал объектілердің қатарына жатпайтыны белгілі болды. Осыған қарамастан, білім бөлімі жеке балабақшаларға террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау ережелерін сақтауды қамтамасыз ету туралы талап қойған,-делінген Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.
Сонымен қатар кәсіпкерлер бұл талаптарды орындамаған жағдайда мемлекеттік білім беру тапсырысын ала алмай қалу ықтималдығы жоғарылаған. Департамент осы мәселе бойынша ұсынымдар енгізіп, білім бөлімінің талабы тоқтатылды.