Жаңаөзенде Рауан шағынауданында орналасқан №18 көпқабатты тұрғын үйден жаңа учаскелік полиция пункті ашылып, пайдалануға берілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жаңадан ашылған полиция пунктінде учаскелік полиция инспекторы мен оның көмекшісі, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды полиция инспекторы қызмет атқарады. Қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов учаскелік полицейлерге кілт табыстап, қызметіне сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Жаңаөзен қаласы бойынша барлығы 16 полиция пункті бар. Жаңадан ашылған 17-полиция пунктінде азаматтарды қабылдау күнделікті сағат 18:00-21:00 аралығында жүргізіледі.