Маңғыстау облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері патрульдік полиция батальоны инспекторларымен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Нәтижесінде айыппұл төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің жеке басы анықталып, олардан 42 млн. теңге көлемінде айыппұл өндірілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Сондай-ақ 8 автокөлік айыптұраққа жабылып, айыппұлды мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушыларға 1 500 құқық бұзушылық жіберілді. Учаскелік полиция инспекторларымен 3 492 қаулы жасақталып, борышкерлердің мекенжайына таратылды", - дейді ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 7 маусымда басталған “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы айдың соңына дейін жалғасады. Негізгі мақсаты - жол қозғалысын қадағалау, әкімшілік айыппұлдарын төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді анықтау, олардан тиісті айыппұлды ерікті немесе мәжбүрлі түрде өндіру.