Қала жұртшылығына тегін жүгері таяқшасын таратып, қаладағы жол қозғалысына кедергі келтірген дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Жаңаөзен қалалық полициясының мәлімдемесіне сүйене отырып.
11 ақпан күні сағат 15.00 де Жаңаөзен қаласы Өркен шағын ауданы №56 үйінің 1 қабатынан "Жаным" гүлдер салонының ашылуына орай дүкен иесі балаларға арнап тегін жүгері (кукуруз) таяқшаларын таратқан.
Ата-аналар мен балалар көп жиналып, аула ішіндегі жол қозғалысына кедергі келтірген.
Жаңаөзен полициясы дүкен иесі Е. Ыбыраевқа қатысты ҚР ӘқбтК-нің 614-бабы 1-бөлігіне сай әкімшілік шара қолданды.