Оқушыларды ұрып-соққаны үшін №5 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмыстан қуылған. Мектеп директорына сөгіс жарияланды. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық білім бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
– Мұғалім 2014 жылдың 15 қыркүйегінде Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің «№5 мектеп-гимназиясы» КММ-не жұмысқа қабылданды. Оқиғадан кейін ол ҚР Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағының 14-тармағына сәйкес жұмыстан босатылды. Сондай-ақ Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің бұйрығымен мектеп директорына ескерту берілді, - делінген Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде дене шынықтыру мұғалімінің оқушыларды ұрып-соғып жатқан видеосы тарап кеткен болатын.