“Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы” облыс бойынша жаңа жыл түнінде 1216 шақыртуға қызмет көрсетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Дәрігерлер мен фельдшерлердің жұмысы екі есеге артты. Оның ішінде 7 жол-көлік оқиғасы және 2 пышақ жарақаты болған. От-шашудан 3 жарақат болды. Оның ішінде, 1 үлкен, 2 кішкентай бала», делінген Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, облыстағы барлық «103» бригадалары үзіліссіз жұмыс істеді.