© yiwu-ru.ru
Полицияға 250-ге жуық арыз түсіп, арбау жолымен елдің ақшасын жинап алған әйелге шағымданушылар қатары артып отыр. Ол Қытайдан төмен бағамен ыдыс-аяқтар жеткізіп беруге уәде берген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Нұргүл есімді келіншек Whatsapp желісінде топ ашып Қытайдан төмен бағадан ыдыс-аяқ жеткізетіні туралы хабарлаған. Бұл істегі басты мақсат тауарды жеңілдікпен алу механизміне мүмкіндігінше тапсырыс берушілерді көптеп тарту болып отыр. Сондай-ақ, алаяққа алданған бір ғана адам үш мыңға жуық адамды тартқан көрінеді.
Қазіргі уақытта келтірілген материалдық шығын көлемі 3 млрд теңгені құрап отыр.
«Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің "аса ірі мөлшердегі алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір 39 жастағы әйел қамауда алынып, тергеу жүргізіліп жатыр, - деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.