"Батыс" аймақтық қолбасшылығының әскери бөлімдерінде қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру басталды. Белгіленген мерзімде әскери және арнайы техникаға сапалы қызмет көрсету, қару-жарақтың жай-күйін тексеру және анықталған ақауларды жою қажет, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Қару-жарақ пен әскери техниканы ауыстыру жөніндегі іс-шаралар жазғы кезеңде пайдалану кезінде жоғары жауынгерлік әзірлікті және сенімді, үздіксіз жұмысты қолдау үшін жүргізіледі. Автомобиль парктерінде жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шаралары мен өрттен қорғау шараларын қатаң сақтауға, сондай-ақ жауынгерлік, арнайы, автомобиль техникасының техникалық жай-күйіне ерекше назар аударылады.
Техниканы дайындау тек әскерлер тұрақты орналасқан жерлерде ғана емес, сонымен қатар полигондарда да жүреді. Мысалы, қарқынды жауынгерлік дайындық жалғасып жатқан "Оймашы" полигонында жауынгерлік көліктер паркінде қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде.
"Қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне дайындау барысында жеке құрамды, бекеттер мен учаскелерді, техникалық қызмет көрсету құралдарын, жауынгерлік машиналар парктерінің технологиялық желісінің элементтерін қосалқы бөлшектермен, жанар – жағармай материалдарымен, құралдармен және керек-жарақтармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар орындалады", - деп атап өтті танк батальоны командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары майор Ерлан Әйтімов.
Қазіргі уақытта 100-ден астам броньды және зымыран-артиллериялық қару-жарақ, 300-ден астам автомобиль және басқа да техника жазғы оқу кезеңіне дайын
Соңғы кезең орындалған жұмыстардың сапасын тексеру болады. Осы мақсатта әскери бөлімдерде арнайы комиссиялар құрылады.