Әлем мұсылмандары Ораза айт мейрамын тойлап жатқан күні Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығында ерекше мереке өтті. Бұл күн Түркия Республикасының Ұлттық егемендік және балалар мерекесіне тұс келді.
Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Сабри Альптекин мерекелік шараға жиналған Ақтауда тұратын түрік азаматтары мен олардың отбасын, балаларын өзге де ақтаулық балаларды мерекемен құттықтап, игі тілегін арнады.
Мұнайлы ауданы Атамекен аулының биші, әнші, домбырашы және суретші балалары да шараға қатысып, бауырлас елдің балаларын құттықтап, өз өнерлерімен шашу шашты.
Суретші балалар әдемі суреттерін сыйға тартты. Бас консулдың айтуынша, бұл суреттер Түркияның жер сілкінісі болған Қаһарманмараш қаласына жіберіледі. Мерекеге қатысқан балалардың барлығына сыйлықтар берілді.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА