Бұл туралы Ақтау әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Су беру қалпына келтірілгенін хабарлаймын.
Орын алған жағдайды тұрақтандыруға ат салысқан барлық коммуналдық қызмет және МАЭК мамандарына алғыс білдіремін. Түсіністік танытқан тұрғындарға рахмет айтамын.
Әлеуметтік нысандарға түнгі мезгілде ауыз су тасымалы ұйымдастырылды”, деп жазылған әкімдіктің таратқан ақпаратында.