Ақтау қалалық полиция басқармасы қала тұрғындарын, әсіресе ата-аналарды жасөспірімдерге бас-көз болуға шақырады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Полиция аз ғана уақыт алатын қызығушылықтың салдары қайғылы жайттарға әкеп соғуы мүмкін деп ескертіп отыр.
- Кәмелетке толмаған мектеп оқушысына түнгі уақытта заңды өкілсіз тұрғын үйінен тыс жүруге, ойын-сауық орталықтарында болуға, көлік құралын тізгіндеуге тыйым салынады. Мұндай әрекеттер болған жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген, - дейді Ақтау қалалық полиция басқармасының өкілдері.