Әсіресе қазақстандық сектордың көмірсутегі шикізатының негізгі кен орындары орналасқан теңіздің солтүстік бөлігі тез тартылуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ratel.kz сайтына сілтеме жасап.
Жерді қашықтықтан зондтау деректері бойынша соңғы 15 жылда Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясы 7,1%-ға қысқарды. Бұл туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы хабарлады.
Мұрағаттық ғарыштық зерттеу мәліметтері бойынша Қазақстанның акваториясының солтүстік бөлігінде теңіз түбі ашылған. Атырау қаласының маңында (Жайық өзенінің атырауы) теңіздің тайыздануының кең аумақтары байқалады.
Каспийдің қазақстандық секторының су бетінің ауданы 2008 жылы – 113 866,67 шаршы шақырымды құрады. Ал 2023 жылы – 105 745,23 ш. км.
Осындай жағдайда үкіметтің жағада қуаттылығы жылына 2 миллион тонна «жасыл сутегі» өндіру жобасын жүзеге асыру ниеті бары таң қалдырады.
Суреттерде 2008-2023 жылдар аралығындағы Қазақстан шекарасындағы су бетінің ауданындағы өзгерістер динамикасы көрсетілген.