Әлеуметтік желіде құрылысшының салынып жатқан жаңа үйдің ішкі қабаты опырылып түскенін айтып жатқан видео тарап жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Бұл менің бөлмем. Міне, мына жерде жатын бөлмем, заттарым осында болды. Бетон құлап түсті. Төсегім, барлық заттарым жертөлеге түсіп кетті, – дейді ер адам.
Зардап шеккендер жоқ.
Тағы бір аудиохабарда бұл 29 “а” шағын ауданындағы үй екені айтылған.
“Тұрғындар үй таңдауда мұқият болу керек, сапасына қарауы керек. Тұрғындар тарапынан да, бюджеттен де қаншама миллиардтаған қаржы құйылып жатыр. Үйлер қытай арматурасынан салынған, ол өте жұқа”, делінген хабарламада.
Оқиға орнына Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Дәурен Өтепқали барды.