Әзірбайжан елінің Баку қаласынан келген дәрігерлер облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімінде болып, ем алып жатқан бүлдіршіндердің жағдайын тексерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әзірбайжандық дәрігерлердің қатарында педиатр-неонатолог Камиль Шарифов, невропатолог Раиса Тахирова, балалар эндокринологы Самира Насибова бар.
– Облыстық балалар ауруханасына Баку қаласынан педиатр дәрігерлер келді. Олар осы аурухананың реанимация бөлімінде жатқан кішкентай пациенттердің жағдайын қарап, орын алған сырқат түрлеріне қарай тексеру жұмысын жүргізді. Басты мақсат - аурухана дәрігерлерімен тәжірибе алмасу, білім деңгейін көтеру, бөбектердің сауығып кетуіне көмек көрсету,-деді Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры Гүлжан Ермекбаева.
Айта кетейік,Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімшесінде реанимациялық іс-шаралар кешенін өткізуді қажет ететін балаларға шұғыл медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады.
Бөлімшенің негізгі міндеті емделушінің өмірлік маңызды органдары мен жүйелерінің функцияларын қалпына келтіру және қолдау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталады.