Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасы Қаржы министрлігі 2021 жылдан бастап шетелдік банктердегі шоттарға түскен қазақстандық азаматтардың табыстары туралы мәліметтер алатынын түcіндірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл мәліметтер Салық істері жөніндегі өзара әкімшілік көмек туралы Конвенция шеңберінде (Страсбург, 1988 жылғы 25 қаңтар) қаржы шоттары туралы ақпаратты автоматты түрде алмасу туралы құзыретті органдардың көпжақты келісіміне сәйкес келіп түседі.
Жыл сайын 80 елден ақпарат келіп түседі, негізгі елдер - БАӘ, Ұлыбритания, Түркия, Франция және басқалар.
Келіп түскен мәліметтер жеке табыс салығы бойынша салық міндеттемелерін айқындау мақсатында тек қана салықтық әкімшілендіру үшін пайдаланылады.