Жаңаөзендік жастар Астана қаласына барып, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушинмен кездесті. Нәтижесінде вице-министр Жаңаөзенде IT HUB және IT мектеп ашуға келісім берді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Астана қаласына іс сапармен ITCO (IT Club Ozen) клубының негізін қалаушылар Нұрсұлтан Балийханов, Нұрсұлтан Нұрғали және Нұрсұлтан Турламбаев барды. Олар ҚР Цифрлық даму, инновациялар аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушинмен пікіралмасып, IT саласындағы жетістіктері және ALLFOOD сынды әртүрлі жобалары туралы айтты.
Вице министр Қаныш Төлеушин жаңаөзендік IT мамандарды алдағы уақытта республикалық, халықаралық деңгейде өтетін семинарлар мен оқуларға арнайы шақыратынын хабарлады.