Бүгін Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов пен Ақтау қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулдығының басшысы Сабри Альптекинмен кездесу өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Облыс прокуроры Түркияның құзыретті органдарының заңдылықты қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес мәселелерімен өзара іс қимыл жасаудағы елшіліктің жемісті жұмысын жоғары бағалады.
Кездесу барысында азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы Шарт пен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Келісім шеңберінде елдер арасындағы өзара іс қимыл мәселелерін талқылады.
Түркия елінің Бас консулы Консулдық пен мемлекеттік органдар арасында өзара іс қимылды нығайтуға көп көңіл бөлетіндігін айтып, құқықтық саладағы рәсімдерді жеңілдету бойынша өз ұсыныстарын атады.
Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес алынған міндеттемелердің орындалуына назар аударылды. Руфат Құттықов халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша сындарлы диалог үшін ашықтықты қолдайтынын мәлімдеді.
Сондай ақ, кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың түрлі мәселелері және одан әрі өзара іс қимыл бойынша жоспарлары туралы пікір алмасып, тараптар елдеріміз арасындағы ынтымақтастық пен достықты одан әрі нығайтуға ортақ ұмтылыста екендігін білдірді.
Бас Консул өткізілген кездесу үшін алғысын білдірді және құқықықтық салада одан әрі қазақ-түрк ынтымақтастығын дамытуға дайын екендігін жеткізді.