Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметтік тексеру бөлімі жыл басынан бері салық, кеден және еңбек заңнамасының нормаларын сақтамау бойынша тиісті тұлғаларға қатысты 22 қызметтік тексеру жүргізді. Қорытынды бойынша 8 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстың департаментке сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын түсіне отырып, ОСР жұмысында басты назар барлық құрылымдық бөлімшелерде алдын алу жұмыстарына база мән беруде. Бөлім қызметкерлері мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде орналасқан аудандық басқармалар мен кеден бекеттеріне ерекше назар аударады. ОСР мамандары сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында, сондай-ақ алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін осы учаскелерге үнемі барып отырады.
Сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін құрылымдық бөлімшелерде салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ресімдеу шоғырланған жерлерде бейнебақылау камералары орнатылған.
Кеден бекеттеріндегі өткізу пункттерінде мерзімді түрде ОСР қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады. Профилактикалық іс-шаралар жұртшылық өкілдерінің қатысуымен өтіп, осы іс-шараларды өткізу барысында көрсетілетін қызметті алушылардың өздерін қызықтыратын, оның ішінде лауазымды адамдар тарапынан заңсыз іс-әрекеттер бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндігі бар.
Департамент кадрлар бөлімі және ОСР басшылығы тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған тәрбие-алдын алу шараларын кешенді қолдануға көп көңіл бөледі.
Қылмыстық заңнаманы бұзуға жол берген барлық лауазымды адамдар белгіленген тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарынан босатылғанын атап өткен жөн.