Ақтауда 2 мамырдан бастап «Жасыл ел» республикалық жастар жасағының маусымы басталады, деп хабарлайды деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бағдарламаға жоғары және кәсіптік оқу орындарының студенттері, Ақтау қаласының 14-35 жас аралығындағы жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары қатыса алады.
«Басты назар әлеуметтік отбасылардан(аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасылар және т. б.) шыққан балаларға беріледі. Толық ақпарат алу үшін 87029462516 нөміріне хабарласуға болады, - дейді Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының сыртқы байланыстар және жастар саясаты бөлімінің басшысы Жібек Ерқасым.
Айта кетейік, орталық «Жасыл ел» еңбек жасағына қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізімін жариялады.
1. Жеке куәліктің немесе туу туралы куәліктің көшірмелері 5 дана, ЖСН
2. Денсаулық жағдайы туралы анықтама; (№075 медициналық анықтама)
3. Кәмелетке толмаған балаға ата-анасының келісімі (нотариус куәландырылған)
4. Ата-ананың жеке куәлігінің көшірмесі.
5. Оқу орнынан анықтама (Ақтау қаласының оқушысы немесе студенті екенін растайтын)
6. Каспий банкі (карта) 20 нөмір - 2 дана
7. Куәлік (көпбалалы отбасынан, аз қамтылған немесе толық емес отбасынан шыққаныңызды растайтын құжат және т. б.)
8. 3*4 фотосурет (1 дана)
«Жасыл ел - 2023» еңбек жасағына құжат қабылдау: дүйсенбі-жұма, 09:00-18: 00
Үзіліс уақыты: 12:30-14:00
6 ш / а ғимараты. «Жастар үйі».