«Қоғамдық қатысу мектебі – Батыс Қазақстан» жобасы аясында, шешім қабылдау процессіне қоғамдық қатысу бойынша адам құқықтарының жүзеге асуы сұрақтары талқыланатын болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған шара Еуропалық Одақтың қолдауымен «Қоғамдық қатысу мектебі – Батыс Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Екі жылға созылған жоба барысында, «Мониторинг және эдвокаси» тақырыптарында Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында бірнеше тренингтер болып өтті, оқыту бағдарламасы адам құқықтарын қорғау, қоғамдық мониторинг құралдары, азаматтық бақылауды жүзеге асырудың құқықтық негіздері және эдвокаси кампаниялар ұйымдастыру тақырыптарын қамтылған.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының үкіметтік емес ұйым өкілдеріне, азаматтық бастамалар мен белсенділеріне «Элеуметтік жобаны жасақтау», «ҮЕҰ бухгалтерлік есебін жүргізу» тақырыптарында шеберлік сағаттары болып өтті. Оқытудан өткен қатысушылар арасында «Үздік Азаматтық бастама» байқауы ұйымдастырып, нәтижесі бойынша 19 ҮЕҰ/азаматтық бастама, сыйақы қоры 10 000 000 теңгені құрайтын шағын жобаларды жеңіп алды. Шағын жобалар қоғамдық мониторинг, адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру тақырыптарын қамтығаны хабарланды.
Сонымен қатар, жоба аясында адам құқықтарын жүзеге асыру бойынша Toolkit (оқу құрады) жасақталып, жоба серіктестері мен бенефициарлары арасында 200 дана көлемінде таратылды.
«Еуропалық Одақ Өкілдігі, адам құқықтары және демократия сұрақтарымен айналысатын азаматтық қоғам өкілдері мен қоғам белсенділерін Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілделінген құқық негізінде оқыту және мониторингке қатыстыру арқылы қолдау көрсетеді» - деді Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур
«Қоғамдық бақылау институтын - мемлекеттік бақылауға балама құрал ретінде қолдау және дамыту қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын жасақтау бойынша тапсырмасы, жоба аясында атқарылған жұмыстың өзектілігін білдіреді» - деп атап өтті жоба директоры Жібек Ахметова
Сұхбат алаңы Еуропалық Одақ өкілдерін, жоба серіктестерін, жергілікті атқарушы орган өкілдерін және басқа да қызығушы тараптарды бір алаңға жинады.
Аталған жобаны Маңғыстау облысытық Азаматтық альянсы Еуропалық Одақтың қаржылы қолдауымен және «Мейірім» қоғамдық бірлестігінің серіктестігімен жүзеге асырылды.