30 шілде күні сағат 01:00 шамасында 102 кезекші пультіне Мұнайлы ауданындағы мейрамханалардың бірінде төбелес болып жатқаны туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жанжал қызға байланысты болған. Төбелес шығарған азамат ұсталды.
«Аталған факті бойынша Мұнайлы ауданының полиция бөлімі 22 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырды», - деп хабарлады департамент.
Оқиға орнына келген арнайы жасақтың көмегі қажет болмады.