Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау ауылында Кардиологиялық орталық ашылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл медициналық орталықта жүрек ауруларына байланысты консультация, жедел көмек және ем-шаралар жүргізіледі.
Аталған нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Әлібек Өтегенов арнайы барып, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ емхана директоры Жанар Есенғалиқызы да қуанышты жаңалықпен құттықтады.
Енді Маңғыстау ауылының тұрғындары ауруханада кезекке тұрып, немесе басқа ауылдық округке барып әуре болмайды. Орталық емханаға қарама-қарсы орналасқан нысан аудан тұрғындарын қуана қабылдайды.
Айта кетейік, кеше орталықтың ашылу салтанатына орай ашық есік күні өтіп, тұрғындарға тегін консультация берілді.