Мұнайлы ауданын сумен қамтып отырған «Каспий» су тұщыту зауытының құрылысы қазан айында аяқталып, ауыз су мәселесі толығымен шешіледі. Бұл туралы «Аманат» партиясының облыстық филиалында өткен жиында айтылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Пания Сармұрзина су мәселесінің зардабын тартып отырған Мұнайлы ауданы тұрғындарының мәселесін жеткізді.
«Мұнайлы ауданындағы ауыз су мәселесі. Бұл көптеп бері қаралып келе жатқан жайт. Елді алаңдатқан мәселе қашан су шешіледі?, - деді депутат.
Қазіргі уақытта аудандағы су тапшылығы тәулігіне 15 мың текше метрге жеткен. Алайда зауыт құрылысы толық аяқталмай мәселе шешілмейтін көрінеді.
Ауыз су мәселесі Маңғыстау облысында тәулігіне 77 200 текше метр су жетпейді. Бүгінгі таңда Мұнайлы ауданында жетіспеушілік 15 мың текше метр шамасында. Қазір аталған ауданды «Каспий» су тұщыту зауыты сумен қамтып отыр. Ал бұл зауыт бір күн ішінде тек 20 мың текшеметр су өндіруге қауқарлы. Оның 14 мыңы Мұнайлыға кетеді. Қалған суы басқа ауылдарға беріледі, - деді су мәселесіне жауаптылар.
Олардың айтуынша, Мұнайлыда ауыз су 40 мың текшеметрге жеткен кезде толықтай шешімін таппақ. Ал зауыттың әлеуетін арттыруға бағытталған құрылыс жыл соңынан дейін толық аяқталады.
«Зауыт 40 мың текше метрге су жеткен су тапшылығы шешіледі. Қазіргі уақытта зауыттың құрылысы 80 пайызға аяқталды. Жұмыс 2022 желтоқсан айында аяқталуы керек еді. Алайда керекті жабдықтарды әкелуге тиіс мердігер ресейлік компанияның бас тартуынан жоба қымбатқа түсті. Соның салдарынан 5 млрд теңгеге қымбатшылыққа ұрынды. Зауыт жобасы Үкіметтен қолдау тапты. Қазір әріптестерім қаржы министрлігінде жобаны қорғап жатыр. Зауыттың құрылысы 2023 жылыдң қазан айында толық аяқталып, су мәселесі шешіледі», - деді жауаптылар.
Ал Мұнайлы аудандық мәслихат депутаттары «суға сұраныс азайған шақта мәселе шешілді деп уәде берілгенімен, алдағы жылдары қайтадан «ескі жараға» қайтып оралмаймыз ба?» деген сауалды тікелей қойды. Алайда облыс әкімінің орынбасары Руслан Бектемір мәселенің толық шешілетінен уәде берді.
«Жыл басынан бері облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Үкіметке барып, қаражатты сұрап жүр. Кеше премьер-министр облыстқа келгенде сол жерде шешім қабылданып, Үкіметке тапсырма берілды. Оның қаулысы шықты. Сәуір айында хат жолдап, қазір қаражат бөлінген еді. Алда сол бойынша жұмыстанып, тұрғындар сұранысын қамту жолға қойылады», - деді Руслан Бектемір.
Ал Мұнайлы ауданы салыстырмалы түрде өзге аудандардан 2-3 есе суды аз алып отырса, бұл көрсеткіш бойынша Жаңаөзен қаласынан 4 есе аз су тұтынып келеді. Бұл ретте басқа аудандарға бөлінетін судың есебімен қазір мәселені шешу еш мүмкін емес көрінеді.