Басқұдық-Маңғыстау бағытындағы автомобиль жолының құрылысымен қоса жол бойына заманауи аялдамалар салынуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Аялдамалар салқындатқыш және жылытқыш құрылғылармен қамтылады. Заманауи аялдаманың ерекшелігі - көлік күтіп тұрған тұрғындардың қыста далада тоңып тұрмай, аялдаманың ішіне кіріп жылынуына, жазда керісінше, салқын жерде отыруына жағдай жасалады. Аталмыш жобаны «Ақжол құрылыс» ЖШС мекемесі жүзеге асырып жатыр.
Ауа райының салқындығына қарамастан құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шамамен 30-40 жұмысшы осы істің басы-қасында өз міндеттерін барынша сапалы орындау үшін жұмыстануда.
Барлығы 31 дана аялдаманы жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Аялдама құрылысы осы жылдың орта тұсында басталған.
Жаңа нысан Маңғыстау ауылындағы «Айшат» мейрамханасынан Басқұдық ауылдық округіндегі «Ануар» дүкеніне дейінгі автокөлік жолының бойында орналасқан. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы орындалып тұр