Жұмысқа орналасу үшін миллион теңге берген тұрғыннан полицейлерге арыз түсті. Ол «ОйлСервисКомпани» ЖШС-ға жұмысқа орналасуға көмектесуі үшін 1 миллион теңгесін алаяққа жібергенін айтады. Жәбірленуші қазір не ақшасыз, не жұмыссыз қалғанын айтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, алаяқтық жасаған күдікті жәбірленушіні әр жолы Жетібай ауылындағы жұмыссыздардың наразылық митингісіне шақырып, митинг арқылы жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп отырған. Жәбірленуші өзінің алданғанын білген бойда дереу құқық қорғау органдарына хабарласқан.
Күдіктіні криминалдық полиция қызметкерлері ұстады.
Аталған факті Қарақия ауданының тұрғынына ҚР ҚК-нің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркелді. Тергеу барысында күдіктінің тағы қанша адамды алдағаны анықталуда.