Сайт редакциясына Ақтау тұрғыны шағыммен келіп, базынасын білдірді. Оның сөзінше, бірнеше ай бұрын 28 бен 29 шағын аудандардың арасындағы жаяу жүргіншілер жолағы мен бағдаршамды алып тастаған, деп mangystaumedia.kz.
Қазір М. Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары мен тұрғындарға аталған жағдайда өте қолайсыз болып отыр. Себебі, олар жаяу жүргіншілер жолағынан өтуі үшін шағын ауданның басқа жағына баруына тура келеді. Ал бұл орайда уықыт жоғалтқысы келмеген адамдар жолды кесіп өту үшін тәуекелге барып жүрген көрінеді.