«Жастар EQ» әлеуметтік жобасы аясындағы 5 компонентті оқыту курсының екінші семинар-практикумы «Эмоционалдық интеллект» тақырыбында өтті,деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Семинар «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының» ғимаратында өтті.
Мамандар оқыту барысында жеке және топтық жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, “Эмоцияларды басқару стратегиялары”, “Қақтығыс жағдайында эмоцияларды басқару”, “Әлеуметтік дағдылар”, “Манипуляция”, “Өзін-өзі реттеу”, “Тұлғааралық қарым-қатынастағы эмпатияның рөлі” сынды тақырыптарын меңгерді.