Ақтауда 31 шағынаудан «Мағаш» сауда орталығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
- Саудагерлермен сөйлесіп, сауда, сауда қызметін реттеу туралы заңның талаптарын түсіндірдік. Комиссия мүшелеріне комиссия жұмысының алгоритмін түсіндірдік. Азық-түлік, оның ішінде көкөніс тауарларының бағасы күнделікті өзгеріп тұрады. Көкөніс сатушыларға тауардың бағасын 15%-дан асырып сатуға болмайтыны түсіндірілді. Талап бұзылған жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті шара қолданады,- деді Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқарма басшысы Дастан Мұраталиев.
Маңғыстау облыстық жалпыұлттық социал-демократиялық патриоттық комиссия төрағасының орынбасары Сәкен Мыңбаев кәсіпкерлер мен диханшылардың өтінімдеріне қатысты бірқатар мәселені атап өтті.
- Бүгінгі тексеріс барысында сауда-саттықта айналымдағы бағаның құны қалай көтеріліп отыр және қанша адамнан сатылым шығып, қанша кәсіпкер пайда көріп отыр деген сұрақтарға жауап алынып жатыр. Диханшылардың өтінімдеріне қарасақ, негізгі мәселе сауданың жүрмеуі дейді. Олар көтерме бағамен сатқысы келеді, импорттық өнім бағасымен салыстырады. Жергілікті өнімнің дәмі ерекше әрі құнарлы екені рас. Кәсіпкерлердің өтінімдеріне құлақ түрсек, негізгі мәселе екі ортадағы тасымалдан туындайды, салық жалпы бағаның 3%-ын құрайды және бір өнімге екінші өнімді қосып алу міндеттеледі. Көтерме сауданың басты кедергілері талқыланды. А пунктінен Б пунктіне дейін тасымалданатын тауарға негізсіз үстеме баға қосуға тыйым салынуы тиіс,-дейді Сәкен Мыңбаев.