Ақтауда қоқыс контейнерлерін сырлау және қоршауларын әктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызмет көрсетуші компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда қала аумағындағы 100-ге жуық қоқыс контейнері сырланды. Мамандар маңындағы қоқыс алаңдарын тазалап, контейнерлер мен қоршауларды ретке келтірді.
-Жалпы қала бойынша серіктестік қызмет көрсететін 3000 қоқыс контейнері бар. Қызметкерлер қоқыс контейнерлерін сырлау және қоршауларын әктеумен қатар, дезинфекция жұмыстарын жүргізеді. Аталған жұмыстарды жөндеу бригадасы күн сайын жасайды. Жұмыстар жалғасуда, - деді «Caspiy operating» ЖШС директоры Сергей Парфенов.