Ақтау тұрғындары жыл басынан бері 4327 кадастрлық паспортқа тапсырыс берген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл — жер учаскелерінің, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық және сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат.
Былтырғы жылдың шілде айынан бастап пәтерлерге, жеке меншік үйлерге, көлікжайларға техникалық паспорт орнына және қалада орналасқан жер учаскілеріне мемлекеттік акт орнына кадастрлық паспорт берілуде.
«Кадастрлық паспорттар көбіне жаңа нысандарға рәсімделіп жатыр. Екінші нарықтағы үйлер үшін кадастрлық паспорт мүлік иесінің қалауымен немесе үйдің сипаттамасы өзгерген жағдайда жасалады. Қызметке өтінішті ХҚКО арқылы немесе электронды үкімет порталының көмегімен беруге болады. ХҚКО арқылы өтініш берген кезде келесі құжаттар қажет:
- Өтініш беріп, аванстық төлем жасалғаннан кейін өлшеу үшін және техникалық тексеру жүргізу үшін маман келеді. Осыдан кейін төлемнің екінші бөлігін енгізу қажет – бұл тұрғын үйдің ауданы мен сипаттамаларына байланысты», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиал PR менеджері Ләззат Нұрбаева.
Айта кетейік, кадастрлық паспорт жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты 3-тен 10 жұмыс күніне дейін жасалады. Құжат қағаз түрінде және электрондық форматта беріледі.