Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік спорттық тапсырысты жүзеге асыру барысында балалар мен жасөспірімдерді жаттықтыратын бапкерлерді бағдарламаға тіркеудің алдында, Нормативтік құқықтық актының қағида талаптарына сай олардың құжаттары тексерістен өтетіндігін және құжаттардың қатарында міндетті түрде бұрын соңды “Соттылығы жоқ” жөніндегі анықтама талап етіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұған дейін Спорт басқармасына, яғни жергілікті атқарушы органның операторына соттылығы бар жаттықтырушылардан өтінім түскен жоқ.
- «Artsport» платформасы арқылы қызмет көрсетіліп келген мемлекеттік спорттық тапсырысқа 3 ірі тексеруші құзырлы органның тексерісі жүргізіліп, тексеру актілеріне сәйкес Спорт жаттықтырушыларының арасында қылмыскерлік (экс-сутенер және притон) фактілерінің анықталмаған, - дейді департамент.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарлармасы аясында облыста 2021-2022 жылы мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша «Artsport» платформасы арқылы қызмет көрсетіліп келді.