Өткен жылдың желтоқсан айынан бері Қаракөлде қырылған аққулардың саны 828-ні құрады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазіргі уақытта құс төресінің жаппай қырылуына байланысты оларды жинап, жою жұмыстары жалғасып жатыр. Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатовтың айтуынша, тиісті жұмыстар атқарылап жатыр.
«Соңғы үш апта уақыт ішінде Қаракөлде жаппай қырылған аққу саны 828-ге жетіп отыр. Осыған қатысты Маңғыстау облысы әкімі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылған. Бұл топ аққулардың қырылыуына қатысты тиісті жұмыстарды атқарумен бірге олардың себебін зерттеп, зерделейтін болады», - деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, "Микробиология және вирусология ҒӨО" ЖШС мамандары вирусологиялық талдау жүргізіп, Қаракөл көлінде қыстайтын аққулардың өлімі жоғары патогенді H5N1 құс тұмауынан болғанын айтты.