Өртті сөндіруге газ-сумен сөндіру көлігі (АГВТ-150) жұмылдырылды. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Еске салайық, оқиға кеше «Бозашы мұнай» ЖШС-нің «Қаратұрын Южный» мұнай-газ кен орнында болған. Өрт 1088-1090 м тереңдіктен бұрғылау құралының көтерілуі салдарынан болған. №303 ұңғымадағы ашық газ-субұрқағында газ-су қоспасының шығуы өрттің пайда болуына тікелей әсер еткен.