Бүгін Ақтауда көпқабатты үйдің терезесінен 4 жасар бала құлап, балалар ауруханасына жеткізілді. Зардап шегуші ес-түссіз комада жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Бала жансақтау бөлімінде жатыр, тыныс алу аппаратына қосылды. Жағдайы - өте ауыр, терісі - бозғылт. Науқас 2 дәрежелі комада жатыр. Қажетті тексерулер жүргізілді. Әрі қарай ем қабылдайды, - деді облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Сәния Жүсіповна.
Айта кетейік, оқиға сағат 13:00 шамасында 6 шағынаудандағы №24 үйде болған. Куәгерлердің айтуынша, бесінші қабаттағы пәтерде үш бала ата-анасыз қалған. Зардап шеккен бала ашық терезеден құлап кеткен. Ал қалған балаларды өздерімен тәртіп сақшылары бірге алып кеткен.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА