Маңғыстау облысының әділет департаментінің және прокуратура органдарының үйлестіруімен 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін алимент төлемегені үшін 238 борышкер ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 40б орышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөзіне сілтеме жасап.
Алимент төлеуден жалтарғаны үшін борышкерлердің жауапкершілігі
Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабына сәйкес
балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау — Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі.
Өз кезегінде, алимент төлемдерін өндіру туралы сот актілері әлеуметтік
маңызы бар санаттағы істер болып табылады.
«Жыл басынан бастап Маңғыстау облысының жеке сот орындаушыларының өндірісінде барлығы 12 429 алимент өндіру туралы атқарушылық құжаты болған, оның ішінде 466 атқарушылық құжат бойынша алимент өндіру мәселесі толық шешілген.
Өткен жылмен салыстырар болсақ, биыл бұл сот актілерінің сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындауға түсуі азайған.
Дегенмен де, бүгінгі күні 11 мыңнан астам мұндай құжаттар бар, оның ішінде 11 420 құжаттар бойынша сот орындаушылардың қолданған атқарушылық шараларының нәтижесінде мерзімді түрде алимент төленуі қамтамасыз етілген» - делінген хабарламада.
Алайда, бұл сот актілерінің ішінде алимент төлеуден жалтарып, жұмыс
істемейтін, проблемалық ата-ана борышкерлерде жоқ емес.
Кәмелетке толмаған балаларын асыраудан жалтарған борышкерлерге қатысты алимент өндіріп алу туралы атқару құжатының талаптарын мәжбүрлеп орындауға бағытталған ең қатаң ықпал ету шаралары қабылданады.
Сондай-ақ, мұндай борышкер ата-анадан алимент өндіру мақсатында, сот орындаушылары 300-ден астам борышкерге атқарушылық құжаттың талаптары толық орындалғанға дейін Қазақстан Республикасының тыс жерлерге шығуға уақытша шектеу қойып, 400-ден астам борышкердің жүргізу куәлігінің қолдануы
уақытша тоқтатыла тұрған.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысының әділет департаментінің бастамасымен облысымыздың халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, 2023
жылдан бері 100-ге жуық борышкер ата-ана жұмыспен қамтамасыз етілген.