Ақтауда Наурыз мерекесіне орай өтетін «Науша наурыз – бақ, ырыстың бастауы» атты мерекелік шараның бағдарламасы жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
21 наурыз 2024 жыл, 15 шағын аудан «Амфитеатр» алаңы 18.00 - Абай атындағы мәдени-демалыс кешені өнерпаздарының мерекелік «Алтыбақан» бағдарламасы
22 наурыз 2024 жыл, 15 шағын аудан «Амфитеатр» алаңы 10.00 – Киіз үйлер қалашығында ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер, ұлттық ойындар, викториналар, ән-жырлардан шашулар, т.б.
10.00 – Қазақстан суретшілер одағы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңір суретшілерінің көрмесі және қолөнерші кәсіпкерлердің көрме-жәрмеңкесі
10.00 – Ұлттық спорт ойындарынан жарыстар (қазақ күресі, арқан тарту, тоғызқұмалақ, қол күресі, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, асық ату, бес тас, т.б.)
10.20 – Наурыз мерекесіне орай мәдениет, білім, жастар, спорт саласы мамандарының қатысуымен көш
11.00 – Наурыз мерекесіне арналған «НАУША НАУРЫЗ – БАҚ, ЫРЫСТЫҢ БАСТАУЫ» атты театрландырылған шара
12.00 – «Бастаңғы – бақыт бастауы» атты Абай атындағы МДК балалар шығармашылық ұжымдары мен мемлекеттік шығармашылық тапсырыс үйірмелері қатысушыларының мерекелік концерті
18.00 – Абай атындағы мәдени-демалыс кешені шығармашылық ұжымдарының концерті
20.00 – М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы мен Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театры әртістерінің концерті
22.00 – Отшашу.