Маңғыстау облысында 300-ден астам әке алимент төлемей жүр. Олардың қарызы 30 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
38 әкеге алимент бойынша қылмыстық іс қозғалған. Былтыр алимент төлемей жүргендерден сот арқылы 50 миллион теңге өндірілген.
«Әкiмшiлiк жауапкершілік тұрғысынан алғанда борышкерлер алимент төлеу керек. Төлемеген жағдайда сот бірнеше тәулікке қамайды немесе әкімшілік айыппұл салуға құқылы. Олар үшін қазірдің өзінде 10, 20, 30 АЕК қаржы - айтарлықтай жаза. Олар табысын көрсетіп, баласының алдындағы қарызын төлеу керек. Төлемеу арқылы әкелер өздеріне қиындық тудырып отыр. Соңғы кезде бірнеше сот процесі осыны дәлелдеді», - дейді жеке сот орындаушысы Фахраддин Алиев.