Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында 21 патрульдік автокөлікке орнатылған «Кибер-шериф» кешені қалалық жолдарды, республикалық және жергілікті маңызы бар трассаларды тәулік бойы бақылайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстың полиция департаментіне сілтеме жасап.
Автоматты түрде жұмыс істейтін «Кибер шериф» жыл басынан бері облыс бойынша 8529 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Ал сол құқық бұзушылықтарға 103 млн 274 мың теңге айыппұл салынған.
- Жол-көлік оқиғаларының көбі жылдамдық арттырғаннан болады. Сондықтан техникалық бақылау құралдары пайдаланылады, - делінген ПД хабарламасында.