Өткен аптада Ақтауда 900 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 71 көлік айыптұраққа жабылған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
МО полиция департаментінің мәліметінше, өткен аптада өңірімізде мас күйде автокөлік тізгіндеген 11 жүргізуші ұсталған. Оның төртеуі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Жыл басынан бері мас күйде көлік тізгіндеген 221 жүргізуші анықталып отыр. Сондай-ақ жүргізуші куәлігі жоқ немесе құжатсыз көлік басқарған 66 жүргізуші және сақтандыру полисі жоқ 60 жүргізуші анықталды. Бір аптада жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер саны – 399 адам»,- деп жазылған хабарламада.
Ақтаудағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оның ішінде алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік құралдарын басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу, автокөлік жылдамдығын асырудың алдын алу үшін патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы қала жолдарында кезекшілік етіп келеді.