Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылында 30 жастағы азамат ұсталды. Күдіктіге тиесілі Mitsubishi Lancer автокөлігін тінту барысында марихуанаға ұқсас жасыл түсті ұнтақ бар 66 қағаз табылып, тәркіленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тәркіленген заттардың салмағы - 5 келі 135 грамм. Сараптама тағайындалды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша Мұнайлы аудандық ІІБ-нің ЕРДБ-на тіркелді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.